Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды": үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Жарияланған күні:

Үкімет отырысы
31 қазан. Үкімет отырысы. Фото: t.me/KZgovernment

Бүгін, 31 қазанда үкімет отырысы Қарағанды ​​облысында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіз еске алумен басталды, деп хабарлады үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған өртке қатысты жағдай қаралды.

Әлихан Смайылов ең алдымен үкімет атынан және жеке өзінің атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Смайылов мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырғанын атап өтті.

"Биыл тамыз айында да "АрселорМиттал Теміртауда" осындай апат болды. Ол кезде 5 шахташы қаза тапты. Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі", - деді ол.

Премьер-министр олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастағанын, мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырып келе жатқанын айтты.

"Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда, “АрселорМиттал Теміртау” компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында", - деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, арнайы комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

"Қарағанды облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды", - деп қорытындылады сөзін Әлихан Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043321-qiyn-zagdaida-eskim-de-nazardan-tys-qalmaidy-ukimet-otyrysy-bir-minut-unsizdikpen-bastaldy/