Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаева өз еркімен қызметінен кеткен

Опубликовано:

Әсем Ағажаева
Әсем Ағажаева. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

ШҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Риддер қаласы әкімінің орынбасары болған Әсем Ағажаеваға қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шенеуніктің өзі Әдеп жөніндегі кеңес отырысына келмеген. Белгілі болғандай, ол мемлекеттік қызметтен кеткен, сондықтан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне тәртіптік істі қарауды тоқтатуға тура келген.

"Біз тәртіптік іс қозғағаннан кейін ол өз еркімен қызметтен кеткен. Заңда оның өз еркімен қызметінен кетуіне тыйым салу қарастырылмаған. Егер оның әрекетінде беделді түсіретін жайт болса, оған өз еркімен қызметтен кетуге өтініш беруге шектеу қойылады, бірақ Әдеп кодексінде өрескел құқық бұзушылық жасаған жағдайда мұндай шектеулер қарастырылмаған.

Яғни адам өзінің өрескел құқық бұзушылық жасағанын түсініп, жоғары лауазымды қызметінен өз еркімен кеткен. Сондықтан істі қарау тоқтатылды", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаеваның видеосы тараған болатын. Видеода шенеунік Риддерге келген блогермен болған жайтты баяндай отырып, соңында бейәдеп сөз айтып қалады.

Бұл видеодан кейін оған қатысты тәртіптік іс қозғалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043411-basy-dauga-qalgan-ridder-qalasy-akiminin-orynbasary-bolgan-asem-agazaeva-qyzmetinen-ketti/

pixel