Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға келді (фото)

Опубликовано:

Эмманюэль Макрон Әлихан Смайылов әуежайда қарсы алуда
Эмманюэль Макрон Әлихан Смайылов әуежайда қарсы алуда. Фото: t.me/KZgovernment

Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алған.

Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді
Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Фото: t.me/KZgovernment

Қысқаша әңгіме барысында үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірген.

Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді
Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келеді. Фото: t.me/KZgovernment

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақорда 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізіп, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043483-qazaqstanga-franciya-prezidenti-makron-keldi/

pixel