Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Құсайын
Ерлан Құсайын. Фото: gov.kz

Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми сайтында.

"Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - делінген хабарламада.

Ерлан Құсайынның үш жоғары білімі бар. Ол Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін экономика саласындағы құқықтық реттеу мамандығы бойынша, сондай-ақ президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде түрлі қызметтер атқарған.

Кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесінің директоры, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және осы басқарманың басшысы болған.

2022 жылғы сәуірден осы уақытқа дейін Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043523-qaragandy-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel