Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Франция президенті Макронды қарсы алды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Салтанатты түрде қарсы алу рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмманюль Макрон
Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмманюль Макрон. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бұдан кейін құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043535-aqordada-franciya-prezidenti-makrondy-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti-foto/

pixel