Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті

Опубликовано:

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылының маңындаға алтын өндіру фабрикасының жұмысын заңды түрде тоқтатуға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істейді. Өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады.

Бұл туралы Маралды ауылының тұрғындарымен кездескен экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлім етті.

Бұл лауазымды тұлғалар кеше Күршім ауданы, Күршім ауылының Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізген болатын.

Осы ауданға қарасты Маралды ауылының тұрғындары ауыл маңында алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы екендіктерін білдіріп жатқанына байланысты бұл кездесуде аталған ауыл тұрғындары да арнайы шақырылып, шағын автобус та бөлінген болатын. Бірақ бұл кездесуге Маралды ауылының тұрғындары келмеді.

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Сол себепті бүгін вице-министрлер, облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық басқармалар басшыларынан құралған топ өздері Маралды ауылына барып, салынып жатқан алтын өндіру фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл жерде қазір өндіріс жұмыстары тоқтап тұр.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан және облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов фабрика басшылығына егер тұрғындарға, қоршаған ортаға залал тиетін болса, экологиялық және қауіпсіздік талаптары орындалмаса, заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын, тіпті зауыт жұмысы тоқтатылатынын қатаң ескертіп айтты.

Вице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездесті
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Одан кейін ресми топ тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Нұрымбет Сақтағанов барлығы да заң аясында шешілуі керек екенін атап өтті. Ал экология және табиғи ресурстар вице-министрі, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі фабрикаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Олардың айтуынша, заңды түрде фабрика жұмысын тоқтауға ешқандай негіз жоқ, ол жұмыс істейді. Өндірістің қауіпсіздігі қатаң бақыланатын болады. Ең маңыздысы – халықтың жағдайы және заң. Сондықтан экологиялық жағдай қатаң бақылауда болады, ал заңсыз қазба жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043795-vice-ministrler-maraldy-auylynyn-turgyndarymen-kezdesti/

pixel