Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – зор құрметтің белгісі": Тоқаев Виктор Орбанды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Опубликовано:

Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсім барысында Виктор Орбанның екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

"Бүгінгі жоғары деңгейдегі сындарлы келіссөздер біздің берік қарым-қатынасымызды тереңдетуге және стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың серпін берді. Халықтарымыз арасындағы достық арқауын және өзара тиімді байланыстарды нығайту ісіндегі айрықша рөліңізді ескере отырып, сізді I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым.

Бұл – зор құрмет пен ризашылықтың белгісі. Сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстанның – достас екі халық бірлігінің әрі өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қатынастарды нығайтуға деген ниетіміздің айқын көрінісі. Осы марапат ынтымағымызды одан әрі дамытуға және ортақ игілік жолындағы бірлескен жұмысымызға септігін тигізетініне сенімдімін", – деді президент.

Қазақстанның жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Виктор Орбан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бар күшін жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043805-bul-zor-qurmet-pen-rizasylyqtyn-belgisi-toqaev-viktor-orbandy-i-darezeli-dostyq-ordenimen-marapattady/

pixel