Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жолаушыларды тасымалдау қызметі жақсарады

Жарияланған күні:

Жол жұмыстары
Фото: Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қызылорда облысында 2023 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға 35 882 млн теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, оның 19 867,5 млн теңгесі республикалық бюджеттен қаралса, 16 014,1 млн теңге облысы қазынасынан бөлінген. Осы қаржы аясында жалпы ұзындығы 569 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл аяғына дейін өңірдегі автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы индикаторлық көрсеткішін 87,5% жеткізу күтілуде. Ал, 2025 жылға дейін президенттің жолдауында көрсетілген автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру тапсырмасына сәйкес аталған индикаторлық көрсеткішті 95% дейін жеткізу облыс әкімінің назарында.

Өңірде 3418,5 км құрайтын автомобиль жолы бар. Оның 1014,5 километрі республикалық маңызға ие. 555 км облыстық, 1849 км аудандық маңыздағы жолдар. Онда 212 елді мекенді жеті аудан және Байқоңыр, Қызылорда қалаларына байланыстыратын 205 автобус маршруты бар. Оның ішінде аудан-қалааралық – 71, аудан-кентаралық – 101, қалаішілік және қаламаңы бағыттарында – 33 маршрут халық игілігіне жұмыс істеуді. Сондай-ақ Қызылорда облысында Ташкент бағытынды 1 халықаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе секілді қалаларға 13 автобустық бағытта тасымалдау көліктері қатынауда. Аталған бағыттар бойынша бас-аяғы 30-дан аса жеке және заңды тұлғалар қызмет көрсетуде. Олар түрлі сыйымдылықтағы 1405 дана тасымалдау көлігімен жұмыс істеп отыр. Жыл басынан бері 15,5 млн жолаушы облыс аумағындағы жолдармен сапарлаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға артық. Жол сапасы мен тасымалдау қызметінің сапасының артуы бұл керсеткішті одан әрі көбейте түспек.

Қызылорда облысында түрлі бағытта маршруттар жұмысын үйлестіріп отырған 2 автовокзал және 9 автостанса бар. Олар автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне енгізілген. Биыл бұлардың қатарын заманауи үлгідегі жаңа автовокзал толтырмақ. Атаулы нысанның жабалық құны – 975 млн теңге. Жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек. Қалаішілік қатынас жайы да жолға қойылған. Қазіргі кезде қоғамдық көлігін 80 пайызы жаңа автобустар. 2022 жылы 150 автобус алынған болса, биылғы жылы 150 автобусқа тапсырыс беріліп 50 автобус жеткізілді. Қалған 100 автобус кезең кезеңімен жыл аяғына дейін келеді.

Сондай-ақ өңір аумағынан 14 жұп пойызы жолаушыларға қызмет көрсетуде. Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына облыс орталығынан 5 жұп жолаушы пойызы шығады. Ерекше айта кетуіміз керек, қазіргі күні Қызылорда қаласының темір жол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін "Қазақстан Темір Жолы" компаниясынан 322 млн теңге бөлінген.

Жол жұмыстары
Фото: Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Сонымен қатар жөндеу жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер 255 млн теңге көлемінде демеушілік көрсетіп отыр. Жобаның жалпы құны 577 млн теңге.

Әуе тасымалы бойынша "Қорқыт Ата" әуежайында қазіргі күні 23 рейс бойынша жолаулышыларға қызмет көрсетуде. "AirAstana", "Fly Arystan" және "Qazaq Air" әуе компаниялары арқылы Астана қаласына – 12, Алматы қаласына 11 рейсте ұшақтар қатынауда. Жыл басынан бері 113,8 мың жолаушы әуежайдан жөнелтілген. Биыл, "Қызылорда қаласының "Қорқыт ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы" жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 15,7 млрд теңге. Демеуші - "Болат Өтемұратов" қоры.

Ал Қызылорда қаласы әкімдігімен атаулы әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 4,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Терминал құрылысының жұмыстары 2023 жылдың ақпан айынан басталып, 2024 жылдың мамыр айының аяғында, яғни жоспардан 4 ай бұрын аяқталуы жоспарлануда. Меже орындалса, Қызылорда қаласына келген туристер мен жолаушылар саны өспек. Мәселелен 2022 жылы 130 мың жолаушы әуе қызметін пайдаланса, енді жыл сайын 200 мың жолаушыға дейін арттыру көзделген. Сонымен қатар, жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан 240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда.

2022 жылдан бастап, президент тапсырмасына сәйкес "Қызылорда - Жезқазған" автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Атаулы бағыт республикалық маңызы бар жолдар қатарында. Сондай-ақ, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығын І санаттағы 4 жолақты жолға ауыстыру туралы мәселесі көтіріліп келе жатыр. Екі аралық - 566 км құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044010-qyzylorda-oblysynda-zolausylardy-tasymaldau-qyzmeti-zaqsarady/