Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады (видео)

Опубликовано:

Ердоған Тоқаев көлік сыйлады
Ердоған Тоқаев көлік сыйлады. : Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берді, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесіп, келіссөз жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044064-erdogan-toqaevqa-elektromobil-syilady-video/

pixel