Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Мейірім Қалауи
Мейірім Қалауи. Фото: instagram.com/atyrausu

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи "Атырау облысы су арнасы" КМК басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды коммуналдық кәсіпорын Instagram-дағы ресми парақшасында.

"Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтың бұйрығымен 2023 жылғы 6 қарашадан бастап Мейірім Қалауи "Атырау облысы су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

2006 жылы Атырау мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша, 2010 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК бастаған.

2010-2011 жылдары — "Тұран" ЖШС директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары — бас редакторы.

2011-2012 жылдары — "Атырау-Ақпарат" КМК директоры.

2012-2016 жылдары — Атырау облысының Жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — Атырау облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанатының Атырау облыстық филиалының хатшысы болған.

2019 жылдан 2021 жылғы шілдеге дейін Индер ауданының әкімі, 2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы наурызға дейін Атырау облыстық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы шілдеге дейін Атырау қаласының әкімі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044356-atyrau-qalasynyn-buryngy-akimi-qalaui-meiirim-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel