Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1100-ден астам адамның ісі әшкереленді": Антикордың төрағасы Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Жұмағали
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Жұмағали, Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесуде Асхат Жұмағали президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндады.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелген.

Агенттік төрағасы 2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғанын да айтты.

Сондай-ақ ол президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берді.

Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали мемлекет басшысына жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы есеп берді.

Айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған.

Сонымен қатар Асхат Жұмағали азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы іске асырылып жатқаны айтты. Қазіргі уақытта жемқорлықтың белең алуына бей-жай қарамайтын 2 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысып жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Жұмағалиға жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044380-toqaev-cybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-agenttiginin-toragasy-asxat-zumagalidy-qabyldady/

pixel