Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов: Еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов үкімет отырысында
Әлихан Смайылов үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

Елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды. Бұл туралы үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптабы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты бүлінген.

Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберген.

"Қолайсыз ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40 пайызға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті", - деді Әлихан Смайылов.

Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды.

"Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген", - деді премьер-министр.

Сонымен қатар үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.

Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

"Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044470-smaiylov-elimizdin-eginsileri-usin-ote-qiyn-zyl-boldy/

pixel