Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр экс-президенттің әлі қандай айрықша құқықтары барын айтты

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Әділет министрі Азамат Есқараев бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлі қандай айрықша құқықтары қалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Оның қол сұғылмаушылық кепілдігі бар. Сосын көлік қызметтерін алуға құқығы бар, ұмытпасам, тұрғылықты жері туралы айтсақ, мемлекеттік саяжайы бар. Ал отбасына бұл қолданылмайды", - деп атап өтті әділет министрі.

Оның айтуынша, ел заңнамасын Назарбаев пен оның отбасына артықшылық берген нормалардан "тазарту" жұмыстары жалғасып жатыр.

"Тиісті заңнамалық түзетулер енгізілді, мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңды іске асырудың қисынды жалғасы болды. Жұмыс жалғасып жатыр. Тиісті түзетулер пысықталады. Бүгінгі ұсынылған заң шығару жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарында бұл түзетулер жоқ", - деді министр.

Сондай-ақ журналистер егер өз уақытында АМТ заңсыз берілгені анықталса, Назарбаевты жауапқа тартуға бола ма деп сұрады.

"Әділет министрлігінің тиісті тексерулер жүргізуге құқығы жоқ. Менің ойымша, сіз тиісті құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек. Бірақ қолданыстағы заңға сәйкес, "Президент туралы" конституциялық заңға сәйкес, экс-президенттің қол сұғылмаушылыққа тиісті кепілдіктері бар", - деді әділет министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044494-ministr-eks-prezidenttin-ali-qandai-airyqsa-quqyqtary-baryn-aitty/