Мәдениет және ақпарат министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Опубликовано:

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінде кадрлық өзгерістер болып, жаңа вице-министрлер тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ үкіметтің баспасөз қызметі Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044526-madeniet-zane-aqparat-ministrliginin-vice-ministrleri-tagaiyndaldy/