Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жансейіт Түймебаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жансейіт Түймебаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндап, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырды.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.

Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044536-toqaev-al-farabi-atyndagy-qazuu-rektory-zanseiit-tuimebaevty-qabyldady/

pixel