Тоқаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады
Опубликовано:

Ержан Ыбыраев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар президенттің баспасөз қызметі Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044563-erzan-ybyraev-astana-onirlik-qolbassylygy-askerlerinin-qolbassysy-lauazymyna-tagaiyndaldy/