Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шенеуніктер, әскерилер мен полицейлерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынады

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әскерилер, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тиісті жарлық НҚА электронды эталондық бақылау банкінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 2 қарашада кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, қол қойды.

Сонымен қатар құжатқа сәйкес Қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысы толықтырылған.

"Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс", - делінген жарлықта.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: "Қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну".

Осындай түзетулер Құқық қорғау органдары, Азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексіне де енгізілмек.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап есептегенде күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044576-seneunikter-askeriler-men-policeilerge-oiyn-mekemelerine-baruga-tyiym-salynady/

pixel