Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысы:
- "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
- "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044578-toqaev-birqatar-zanga-qol-qoidy/