Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыйым сала алмаймыз": Балаева Назарбаев туралы әзілдерге қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін мәжіліс кулуарларында журналистер мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан Қазақстанда бұрын-соңды болмаған саяси әзілге қатысты пікірі қандай екенін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саяси әзіл туралы сұрай отырып, журналистер қазақстандық стендап комиктерінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы әзіл айта бастағанын атап өтті.

"Әзіл әрқашан жақсы, бірақ мәселенің моральдық тұстары да бар. Бұл әр адамның ішкі мәдениетіне, оның тәрбиесіне байланысты. Әрине, бұған тыйым сала алмаймыз – бұл шығармашылық құқық, сондықтан осыған байланысты ештеңе түсіндіре алмаймын", - деп жауап берді министр Аида Балаева.

Алайда Назарбаев туралы жағымсыз әзілдерге қатысты ол "негативке қарсы екенін" айтып, жауап қатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044713-tyiym-sala-almaimyz-balaeva-nazarbaev-turaly-azilderge-qatysty-oiyn-aitty/

pixel