jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасын қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жандос Шаймарданов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жандос Шаймарданов. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Жандос Шаймарданов мемлекет басшысына Қазақстан экономикасындағы құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылуы үшін жасалған сараптама жұмыстарын таныстырған.

    Бұдан бөлек, президентке ұлттық статистиканы реформалау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы және Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы мәлімет берген.

    Сондай-ақ агенттік төрағасы мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін баяндаған.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырған.

    Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасын қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.