Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Путинді елорда әуежайында өзі қарсы алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстанға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путинді келді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Ресей президентін елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Владимир Путиннің ресми сапармен Астанаға келетінін хабарлаған еді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044840-toqaev-qazaqstanga-resmi-saparmen-kelgen-putindi-elorda-auezaiynda-qarsy-aldy/

pixel