Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстан мен Ресей туы
Қазақстан мен Ресей туы. Фото: Oleksandr Filon / Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде екі елдегі дипломатиялық елшіліктердің санын арттыру жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жақын арада Ақтауда Ресейдің бас консулдығын ашу жоспарлануда, биыл екі елдегі дипломатиялық елшіліктердің саны артып, жаңа дипломатиялық құрылымдарды құру жұмысы қарқынды дамып келе жатыр", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті биылғы жылы Екатеринбургте Қазақстанның бас консулдығы ашылып, еліміздің Ресейдегі өкілдіктер желісі толыққанын еске салды. Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларында да Қазақстанның бас консулдықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстан мен Ресей одақтас әрі стратегиялық серіктес, бізді берік достық, ортақ тарих және тығыз рухани байланыстарымыз біріктіреді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 9 қарашада Қазақстанға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келгені туралы жазған едік. Осыған орай, Путинді "Ақорда" резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткен болатын.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Астанаға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2044974-aqtauda-reseidin-bas-konsuldygy-asyluy-mumkin/