Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Опубликовано:

Құжатқа қол қойып жатқан ер адам
Құжатқа қол қойып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік министрлігінде жаңа үш комитет төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Төлеген Абдуллин, Олжас Сапарбеков және Алтай Әлі Көлік министрлігі комитеттерінің төрағалары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайты хабары бойынша, Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Алтай Әлі
Алтай Әлі. Фото: primeminister.kz

Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат Палас Отель" қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.

2010-2011 жылдары – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері.

2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы.

2015-2018 жылдары премьер-министр кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.

2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды.

2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.

2019-2020 жылдары Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Төлеген Абдуллин
Төлеген Абдуллин. Фото: primeminister.kz

Primeminister.kz сайты мәліметіне сүйенсек, Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, "Қаржы академиясы" АҚ тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақавтожол" РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады.

2005-2011 жылдары "Қазақавтожол" РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған.

2011-2014 жылдары "Қазақавтожол" РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры болды.

2014-2019 жылдары Астана қаласында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін Көкшетау қаласы, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, директоры болған.

2019-2021 жылдары ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Олжас Сапарбеков
Олжас Сапарбеков. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің ресми сайты дерегінше, 1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы жеке меншік теміржол компаниясында бастаған.

2001-2006 жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" құрылымында жұмыс істеді.

2006-2016 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2016-2019 жылдары "Атамекен" ҰКП сарапшы, департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2021-2023 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болды.

2023 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045514-kolik-ministrliginde-kadrlyq-auys-tuiis-boldy/

pixel