Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк басшысы президентке инфляцияны төмендету шаралары туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тимур Сүлейменов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тимур Сүлейменов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайты.

Президент баспасөз қызметі хабарлауынша, мемлекет басшысына Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Тимур Сүлейменов экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045530-toqaevqa-ulttyq-valyuta-30-zyldygyn-atap-otuge-daiyndyq-zumystary-turaly-aqparat-berildi/

pixel