Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев екі өңірлік қолбасшылығының басшыларын тағайындады

Опубликовано:

Қуанышбек Үштаев
Қуанышбек Үштаев. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш өңірлік қолбасшылығының басшылығында ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қуанышбек Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылғаны айтылады.

Ал "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына Жеңіс Маралов тағайындалды.

Сондай-ақ президенттің өкімімен Мереке Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045696-toqaev-eki-onirlik-qolbassylygynyn-bassylaryn-tagaiyndady/

pixel