jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Жасанды интеллект енгізіледі". Жоғарғы сот төрағасы президентке қандай мәлімет берді

    Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев президенттің қабылдауында
    Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев президенттің қабылдауында. Фото: akorda.kz

    Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

    Кездесуде мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілгені айтылады.

    Асламбек Мерғалиев президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді.

    Жоғарғы сот алдын ала қарау институтын жоюды, "толық кассацияны" қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын "ақылға қонымды мерзім" белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді.

    Сонымен қатар Тоқаевқа әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтылды. Жоғарғы сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу жайында айтты.

    Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

    "Жасанды интеллект енгізіледі". Жоғарғы сот төрағасы президентке қандай мәлімет берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.