jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді

    Қос тараптың Бішкекте өткен кездесуі
    Қос тараптың Бішкекте өткен кездесуі. Фото: gov.kz

    Келіссөздер қорытындысы бойынша Талас өзеніндегі "Түйте" каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

    Бішкекте өткен кездесуде еліміздің мүддесін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қорғады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Талас өзеніндегі "Түйте" каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды.

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Қырғыз республикасының ауыл шаруашылық министрі Асқарбек Жәнібековпен кездесуі кезінде Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі бірлескен комиссияға тиісті тапсырма берілді.

    Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов елімізге су жіберуді жақсарту үшін мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарының тізбесін кеңейту қажеттігін атап өтті. Мәселен, қазақстандық тарап осы тізбеге Күркіресу өзеніндегі құрылыстарымен «Ақмолда», "Қаратақы" және "Төментамға" арналарын, Шу өзеніндегі "Колос" каналын және Талас өзеніндегі құрылыстарымен бірге "Кож" каналын енгізуді ұсынады.

    "Өздеріңіз білетіндей, биыл Жамбыл облысының шаруалары Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде суармалы су тапшылығын сезінді. Сондықтан осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қырғыз әріптестерімізбен бірге Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде келесі вегетациялық кезеңді дұрыс жоспарлау бойынша жұмысты алдын ала жасау өте маңызды", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

    Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі бірлескен комиссияның келесі отырысы 14 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.

    Еске салайық, осыған дейін Нұржан Нұржігітов өзбекстандық әріптестерімен кездесуде 1 сәуірге дейін Түркістан және Қызылорда облыстарына 11,1 текше шақырым су, оның ішінде Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберу туралы келісімге келген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.