Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 100-ден аса жойғыш ұшақ сатылымға шығарылды: кілтипаны бар

Опубликовано:

Әскери ұшақ
Әскери ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 100-ден аса жойғыш ұшақ жою мақсатында сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ресми сайтында.

Ведомство дерегі бойынша, көрсетілген 117 авиатехника (МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31, Су-24МР) министрлік бұйрығына сәйкес, пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген.

Ол Қазақстан аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық сауда-саттықта (тендерлерде) жоюдың міндетті шартымен өткізуге жатады.

"Қойылған мүлік, өзінің техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімінің түрі, мақсаты бойынша ары қарай пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдалануын болғызбау мақсатында кәдеге жарату (кесу және т.б.) жолымен жоюға жатады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045768-qazaqstanda-100-den-asa-zoigys-usaq-satylymga-sygaryldy-kiltipany-bar/

pixel