Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл соңына дейін 12 мектеп ашылады": БҚО әкімі білім саласындағы жобалар туралы айтты

Опубликовано:

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс бойынша білім беру саласын дамытуға 37 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы аймақ басшысы Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндады.

"Оның ішінде апатты және үшауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 32 млрд теңгеге 27 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда 4 мектеп пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін 12 мектептің құрылысын аяқтаймыз. Мектептерде оқушыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін 2,3 млрд теңгеге 114 заманауи пәндік кабинеттер жабдықталып, 62 ауылдық мектептерге қажетті құралдар мен жиһаз сатып алынды", - деді облыс әкімі.

Нариман Төреғалиевтің Сөзі
Фото: БҚО әкімдігі

Сонымен қатар жөндеуді қажет етіп тұрған мектептерді апаттық жағдайға дейін жеткізбеу үшін бюджет есебінен 2,5 млрд теңге бағытталды. Ол қаражатқа 4 білім беру нысанын қайта жаңғырту көзделген. Соның ішінде 3 жоба биыл аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045785-zyl-sonyna-deiin-12-mektep-asylady-bqo-akimi-bilim-salasyndagy-zobalar-turaly-aitty/

pixel