Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнім көлемі өсіп келеді": БҚО-да 270 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істеп тұр

Опубликовано:

Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Фото: БҚО әкімдігі

Биыл аймаққа "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 714 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.

Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндады.

"Президент Жолдауында ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамытуға баса назар аударды. Сондай-ақ негізгі азық-түлік тағамдарына деген импортқа тәуелділікті азайту мақсатында алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін 70%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Қазір облыста 270 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 44 кооператив құрылды. Одан бөлек ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін 3 мың агроқұрылымға 12 млрд теңге субсидия төленді және 20 млрд теңгеге жуық несие берілді", - деді облыс әкімі.

Өңірде егіс алқаптарының жалпы көлемі 617 мың га. Бүгінгі таңда егін ору науқаны толықтай аяқталып, облыс бойынша 302 мың тонна астық жиналды. Сондай-ақ 78 мың тонна майлы дақыл, 153 мың тонна картоп пен көкөніс-бақша өнімдері алынды.

Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Фото: БҚО әкімдігі

Облыста голландиялық технологиямен 2 заманауи өндірістік жылыжай жұмыс істейді. Олардың жылдық өндіріс қуаты 11 мың тонна. Батысқазақстандықтардың көкөніс өнімдеріне қажеттілігін 100% жабу үшін келер жылы 18 мың тонналық 4 қойма салынбақ.

"Азық-түлік тауарларының негізгі 19 түрінің жетеуі бойынша облыс толық қамтамасыз етілсе, 8 түрі бойынша 75%-ға дейін қамтып отырмыз. Ал қалғаны, яғни, қарақұмық, күріш, қант, тұз облыста өндірілмейді. Облыс тұрғындарына сүт өнімдерінің қажеттілігі 112 мың тоннаны құраса, қамтамасыз етілу үлесі 22,3% немесе 25 мың тонна. Ағымдағы жылы 400 бастан жоғары сүтті тауарлы фермаларын салуға 6 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама аясында 11 мың тонна сүт өндіретін 4 сүт-тауарлы фермаға қолдау көрсетіліп, іске қосу арқылы сүт өнімдерімен қамтуды 32%-ға арттыруды көздеп отырмыз", - деді Нариман Төреғалиев.

Президент тапсырмасына сәйкес, өңірдегі жайылымдық жерлерді суландыру бағытында ұзындығы 185 шақырым болатын 3 канал қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар «Жайық-Шалқар» каналының жобалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл бастамалар Жайық өзенінің сол жақ жағалауындағы 350 мың га жайылымды суландыруға мүмкіндік береді.

"Көршілес елден сатып алынатын Еділ суына тәуелділікті азайтуды көздейтін 178 шақырым Киров-Шежін суландыру жүйесін жаңғыртудың соңғы IV кезеңі аяқталды. Осы жүйе бойындағы сыйымдылығы 63 млн текше метр Киров су қоймасы қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар сыйымдылығы 28 млн текше метр болатын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарлануда. Осы шаралардың нәтижесінде қосымша суармалы жерлерді қолданысқа енгізіп, мал азығын көбейтуге мүмкіндік пайда болады", - деді аймақ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045787-onim-kolemi-osip-keledi-bqo-da-270-auylsaruasylyq-kooperativi-zumys-istep-tur/

pixel