Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өңір экономикасын әртараптандырамыз": БҚО әкімі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23 пайызға артқанын айтты

Опубликовано:

Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Фото: БҚО әкімдігі

Облыста өңдеу өнеркәсібінің көлемі 218 млрд теңгеге жетті. Өсім, әсіресе, металлургия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, жиһаз бен сусындар өндірісі салаларында байқалады. Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты.

"Мемлекет басшысының қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі – еліміздің мықты өнеркәсіп негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу. Сондықтан облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, соның ішінде өңдеу саласын дамыту бағытында нақты істерді қолға алуымыз қажет. Есепті кезеңде облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23%-ға артып, 429 млрд теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 348 млрд теңге немесе 81%-ды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш", - деді облыс әкімі.

Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Фото: БҚО әкімдігі

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында биыл мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстары бойынша 38 млрд теңгеге 35 келісімшарт жасалған. Ал өңір экономикасын әртараптандыру үшін алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн теңгеге 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Адам сұрақ қояды
Фото: БҚО әкімдігі

"Соның ішінде биыл 37 млрд теңгеге 45 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазірдің өзінде 31 жоба арқылы мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал қалған 14 жоба жылдың аяғына дейін жүзеге асады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен де өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар жоба басталды. Релокация аясында 4,8 млрд теңгеге 5 жоба іске қосылды. Атап айтқанда фанера, терезе жақтаулары және есіктер, кабель катушкасы үшін фланецтер, терезе төсеніші және биг-бэг өндірістері қолға алынды", - деді Нариман Төреғалиев.

Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Фото: БҚО әкімдігі

Мұндай инвестициялық жобалар өңірде тағы тұрақты жұмыс орындарын құруға, салықтық түсімдерді көбейтуге және жаңа технологияларды енгізуге кең жол ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045789-onir-ekonomikasyn-artaraptandyramyz-bqo-akimi-negizgi-kapitalga-salyngan-investiciya-kolemi-23-paiyzga-artqanyn-aitty/

pixel