Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі: депозиттерге кепілдік беру жүйесінің рөлі және қаржылық инклюзивтілік

Опубликовано:

Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі
Фото: Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры

2023 жылдың 01 қазанына қарай Қазақстанда жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің көлемі 18,6 трлн теңгені құрады.

Олардың ішінде ұлттық валютадағы депозиттер – 13,2 трлн теңгеге жетсе, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 5,4 трлн теңге болды. Қазақстандықтардың көпшілігі қаражат жинау және оны арттыру құралы ретінде депозиттерді таңдайды. Мұның бір себебі – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) тарапынан олардың сақталуына берілген кепілдік. Сол үшін де бұл сенімді қаржы құралы. Бүгінде жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге (ДК) тиесілі шоттардың 99,8%-ы Қордың кепілдігімен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Бұл туралы «ҚДКБҚ» АҚ Төрағасы Әділ Өтембаев 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде жасаған баяндамасында мәлімдеді.

Қаржылық инклюзивтілікке септігін тигізетін депозиттерге кепілдік беру жүйесінің ғаламдық рөлін атап өте келе, ҚДКБҚ Төрағасы мынадай цифрларды алға тартты: депозиттік базаның өсімі жылдық тұрғыда 27%-ды (18,6 трлн тг) құрады, ал шоттардың саны 19%-ға өсіп, 143,2 млн бірлікке жетті. Олардың ішінде ағымдағы жылдың 9 айында 26 млн шот ашылды. Бұл ретте ҚДКБҚ арнайы резерві 1,1 трлн теңгені немесе жеке тұлғалар мен ДК жиынтық депозиттік базасының 6,0%-ын құрайды.

Әділ Өтембаев өз сөзінде Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының мүшесі бола отырып, Қор өз қызметінде: салымшылардың басым бөлігін кепілдікпен қамтамасыз ету (90%-дан жоғары), салымшылардың жинақ ақшаларына 7 күн ішінде қол жеткізуіне мүмкіндік жасау және оларды депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы үнемі түрде хабардар етіп тұру секілді қағидаттарды ұстанатындығын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде салымшылардың банктерден «безіну» қаупін сейілтеді.

Әділ Өтембаев
Фото: Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры

Салымшылардың өз қаражаттарына қол жеткізу тақырыбына толығырақ тоқталған ҚДКБҚ басшысы Қордың өтем төлеу тәртібін жетілдіруге барынша ұмтыла отырып, төлемнің басталу мерзімін едәуір азайтуға қол жеткізгендігін ерекше атап көрсетті. Бұрындары банк лицензиясынан айырылған жағдайда, салымшылардың өз ақшаларын алу үшін 4-5 ай күтулеріне тура келетін. Өйткені ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот үдерісі аяқталған соң ғана өтем төлеуді бастай алатын. Ал қазіргі уақытта кепілді өтемді төлеу сот өндірісінің барысына қарамастан, банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде басталады.

Ал іс жұзінде бұл шара айтарлықтай тез жүргізіледі. Мысалы, «Tengri Bank», «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» және «Capital Bank Kazakhstan» салымшылары өздерінің жинақ ақашаларына банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 6-8 жұмыс күні ішінде қол жеткізді. Бұл төлем саласындағы үздік әлемдік тәжірибе болып саналады. Бұл ретте аталған банктердің салымшыларына алғашқы аптаның өзінде-ақ кепілді өтем төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасының 66%-дан 74%-ға дейінгі бөлігі төленгенін айта кеткен жөн.

Жалпы Қор құрылғалы бері күні бүгінге дейін 11 банк лицензиясынан айырылды. Өтем алуға 420 мыңнан астам адам жүгінді. Оларға 115 млрд астам теңге өтем төленді.

Әділ Өтембаевтың айтуынша ҚДКБҚ қызметіндегі аса маңызды міндеттердің бірі – халыққа уақтылы хабар тарату жұмыстары. Қор осы бағытта салымшылардың депозиттер бойынша маңызды талаптарды және кепілдік сомаларын дұрыс түсінулерін оңтайландыру мақсатында бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Айталық, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, кепілді өтемді төлеу тәртібі туралы шарттың (онлайн/оффлайн) жасалуына қарай, салымшыларға ақпарат берудің жаңа нысаны қолданысқа енгізілді. Яғни банк клиенті шарт жасасқан сәтте таңдаған нақты депозиті бойынша берілген максималды кепілдік сомасын көре алады. Бұл оған банк лицензиясынан айырылған жағдайда туындайтын тәуекелдерін алдын ала бағалап, есептеуіне көмектеседі. Бұл нысан 9 банкте енгізіліп қойылды, ал қалған қаржы институттарында – енгізу үдерісі жүргізіліп жатыр.

Одан басқа, қазіргі уақытта ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша агенттігімен бірлесе отырып, банк шоты/салымы шартының маңызды талаптары бойынша салымшылардың дұрыс түсінулері үшін оңайлатылған өз алдына бөлек нысанды заңнама жүзінде бекіту бойынша банктермен жұмыстар жүргізілуде. Жоба әзірге Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046091-qazaqstan-qarzygerlerinin-xi-kongresi-depozitterge-kepildik-beru-zuiesinin-roli-zane-qarzylyq-inklyuzivtilik/