Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бас қолбасшысы қызметінен кеткен Мереке Көшекбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Опубликовано:

Мереке Көшекбаев
Мереке Көшекбаев. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Бас штаб бастығы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Қазақстан армиясында генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев әскери училище курсантынан бастап, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі жолдан өтті.

Ол әр жылдары жауынгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

1997 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы РФ Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

II дәрежелі "Данқ" және "Айбын" ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046146-ontustik-onirlik-qolbassylygy-bas-qolbassysy-qyzmetinen-ketken-mereke-kosekbaev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel