Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық статистика бюросының басшысы ауысты

Опубликовано:

Мақсат Тұрлыбаев
Мақсат Тұрлыбаев. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мақсат Тұрлыбаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы болды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

2010-2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2016-2020 жылдары – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2020-2021 жылдары – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

2021 жылдан осы уақытқа дейін Президент әкімшілігінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046334-ulttyq-statistika-byurosynyn-bassysy-auysty/

pixel