Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін", –  делінген құттықтау жеделхатта.

 Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046412-toqaev-oman-sultanyna-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel