Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр

Опубликовано:

Бюллетеньдерге арналған урна
Фото: pixabay.com

Осыдан бір жыл бұрын мемлекетіміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасын халыққа ұсынды. Бүгінде мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылып, әлеуметтік сала қалай дамып жатқанын NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

2023 жылғы қарашаның 20 жұлдызы елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ұсынылған мақсат-міндеттер нәтижелі орындалып келеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Аталмыш құжатта адам капиталының дамуына баса мән берілген. Еліміздің креативті экономикасын дамытудың негізгі факторы ретінде адам капиталын қалыптастырып, өркендетуді ұсынды. Сондай-ақ, әділетті әлеуметтік саясатты жүзеге асырудын заңнамалық тетіктерін бекітуді де талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта экономикалық өсуге қол жеткізу үшін адами капиталды арттыру қажет. Сол себептен, адами капиталды дамыту экономикалық саясаттың міндеттерімен байланысты әлеуметтік саясаттың басымдығына айналады.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысын бастады. Кодекс аясында бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасаған көмекшілеріне жалақы тағайындалып, еңбек өтілі ескерілетін болды. Әлеуметтік бағыттағы жұмыстар да жалғасын тауып келеді.

Отбасының цифрлық картасын енгізу, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің он түрін рәсімдеу бойынша қызметтер проактивті форматта іске асырылып, "Әлеуметтік әмиян" пайдалануға енгізілді. 2023 жыл бойынша 172,3 мың жұмыссыз қалған адам жалпы сомасы 37,8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемақы алды. Аналарымызды және демографиялық өсімді қолдау үшін бала күтіміне берілетін төлемді алу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деректеріне сүйенсек, мүгедек адамдарға 50 мыңнан астам қызметтер мен техникалық құралдар берілген. Инклюзивту қоғамды дамыту мақсатында мүгедектігі бар қазақстандықтардың өмір сапасын жоғарлату және қоғамның тең мүшесі ретінде қолдауға арналған шаралар қабылданып жатыр.

2023 жылы азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарына сәйкес, өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 847 мың адам жұмысқа тұрды, оның 420 мыңы жас азаматтар. Еңбек нарығындағы сұранысқа дайын болу үшін "Кәсіптік біліктілік туралы" заң қабылданып, кәсіптік-техникалық білім беруге аса назар аударып жатыр.

Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Осы орайда мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға" атты бағдарламасы аясында өте маңызды заңға қол қойды. Келесі жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы есеп-шотына аударылатын болады. Балалар кәмелет жасқа толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға мүмкіндік алады. Осылайша, өскелең ұрпақтың үлкен өмірге нық қадам басуына мүмкіндік береді.

Президентіміздің сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастамалары әлеуметтік бағытқа ие. Оның нәтижелері адам капиталын өркендетуге, қазақстандықтарды әлеуметтік бағытта қолдауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046642-memleket-bassysynyn-sailaualdy-bagdarlamasy-qalai-zuzege-asyp-zatyr/

pixel