Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір ай бойы «Ақтөбе JASTARY» жобасы жүзеге асырылды

Опубликовано:

Азамат Бекет жеңімпазға Құрмет грамотасы мен кубок табыс етеді
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бір ай бойы мектептердің, колледждердің оқушыларының қатысуымен күн сайын түрлі мәдени, спорттық, тарихи-патриоттық шаралар ұйымдастырылды.

Осы бір айлық жоба бүгін қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен қалалық Мәдениет үйінде қорытындыланды.

Қала әкімі шараларға қатысқан мыңнан астам жасөспірімге алғысын білдірді.

«Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары.

Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

Полиция қызметкерлері
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қаламызда жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, уақытын тиімді пайдалану мақсатында бір айлық «Ақтөбе жастары» жобасы өткізілді.

Осы бір айдың ішінде патриоттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған көптеген шаралар жасалды.

Жоба аясында жасөспірімдер арасында алғашқы рет спорт түрлерінен қалалық спартакиада өтті. Т.Ахтанов театрында «Мұғалім» қойылымы көрсетілді.

Сонымен қатар, бір айлық жоба аясында қаламыздың жасөспірімдер жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Еуропа чемпионы Ардақ Назаровпен кездесті.

Жақында балалар Ақтөбеде өткен Отанды сүюді дәріптейтін «Бүркіт» кинофильмінің көрсетіліміне барды.

Жастар Қазақтың әйгілі батыр Есет Көкіұлының рухына тағзым етіп, ғибараты мол тарихи дәріс тыңдады.

Жобаға қатысушылар
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бұл жоба игі істермен жалғасын тауып, «Бақытты отбасы» орталығы дайындаған азық-түлік жиынтығын балалар өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға өздері апарып таратты. Бұл шара олардың бойында адамгершілік, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыруға қолдау болды.

Жалпы осы бір айлық жоба аясында 1500 бала қамтылды.

Бұл жобаның берері мол болды. Шараларымызға бір ай бойы қатысқан жасөспірімдер өз болашақтарын айқындайтын бағыт-бағдар алды деп ойлаймын. Олар жақсы оқып, келешекте ерік-жігерімен аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін.

Қымбатты жастар, өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, алдарыңызға мақсат қойыңыздар! Мақсатқа жету жолында сіздерге мықты денсаулық, табыс пен сәттілік тілеймін!», - деді Азамат Бекет.

Азамат Бекет
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бұдан соң қала әкімі спорттық шараларда жеңімпаз болған колледждер мен мектептерді марапаттады.

Балаларға арналып, қалалық Мәдениет үйі концерттік бағдарлама ұсынды. Қазақ эстрадасының әншісі Мөлдір Әуелбекованың өнерін тамашалау мүмкіндігі де туды.

Ата-аналар пилоттық жобаны әр мектеп, әр оқу орны жалғастырса екен деген тілектерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046648-aqtobede-bir-ai-boiy-aqtobe-jastary-zobasy-zuzege-asyryldy/

pixel