Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Камиль Ақатов
Камиль Ақатов. Фото: t.me/KZgovernment

Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Primeminister.kz ресми сайты мәліметіне сүйенсек, Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары - "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеген. 

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2046702-kamil-aqatov-gylym-zane-zogary-bilim-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel