Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оператор РОП" ісінде неге Әлия Назарбаева жауапқа тартылмағаны айтылды

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Бүгін Антикорда өткен брифингіде "Оператор РОП" ісі бойынша неге соңғы бенефициар ретінде аталған Әлия Назарбаева жауапқа тартылмағаны туралы сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тергеу жүргізу барысында процеске қатысушылардың ешқайсы бұл адамның "Оператор РОП" компаниясына қатысы бар деп атаған жоқ, осыған байланысты тергеу сол сәтте күдікті болған адамдарға қатысты жүргізілді. Сот процесі кезінде - мүмкін (аты аталған шығар - ред.ескертпесі). Тағы да - тергеу кезінде басқа фамилиялар аталмады. Кез келген қылмыстық процесте сот нүкте қояды - сот бұл істе нүкте қойды. Сот үкіміне түсініктеме беруге бізге уәкілеттік берілмейді", - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Еске салайық, "Оператор РОП" ісі бойынша екінші сот жақында Астанада аяқталды. Бұл компанияның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісі бойынша жеке процесі болған еді, ол интерполдың көмегімен Дубайдан экстрадицияланған. Судья оны 7 жылға шартты түрде соттады. "Оператор РОП" ісі бойынша басқа да кінәлілерге қатысты осы жазда үкім шыққан еді, олар: компания басшысы мен экология экс-вице-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047062-operator-rop-isinde-nege-aliya-nazarbaeva-zauapqa-tartylmagany-aityldy/

pixel