Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту": ішкі істер министрі Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ержан Сәденов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ержан Сәденов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Кездесуде Ержан Сәденов мемлекет басшысына Қазақстандағы криминогендік жағдайды баяндады.

Ержан Сәденов елімізде жасалатын қылмыстар санының динамикасы төмендеп, кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28 пайызға, қарақшылық 32 пайызға азайғанын айтты

Министр тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері, сондай-ақ басқа да қылмыс түрлері төмендегенін баяндады;

Ішкі істер министрі құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берді:

"Бүгінде 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 71 миллиард теңге өндіріп алынды", - деді Сәденов.

Сонымен қатар Ержан Сәденов ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, соның ішінде ІІО қызметкерлерін аттестациядан өткізіп, ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту шаралары туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы қоғамда әділдік пен тәртіп орнату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047137-vedomstvony-laiyqsyz-mamandardan-tazartu-iski-ister-ministri-toqaevqa-esep-berdi/

pixel