Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь президенті Александр Лукашенко Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукошенко
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукошенко. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік сарайында Беларусь президенті Александр Лукашенко қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Айта кетейік, бүгін бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минск қаласына барды.

Еске салайық, 23 қарашада Минскіде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтетінін, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатынын хабарлаған едік.

Жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ сессиясына қатыспайтынын мәлімдеді. Кейінірек, ол өз елінің ұйымнан шығуы туралы әңгіме болмағанын, Арменияның келесі қадамдары туралы ойлану керектігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047318-belarus-prezidenti-aleksandr-lukasenko-toqaevty-saltanatty-turde-qarsy-aldy/

pixel