Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжанға барды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжан астанасы Бакуге барды. Президент Бакуде өтетін саммитке қатысады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды.

Report.az агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президентін әуежайда Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047376-toqaev-azerbaizanga-bardy-video/

pixel