Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысының әкімі жұмыс сапарында бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Әкімнің кезекті жұмыс сапары
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің кезекті жұмыс сапары Қаратөбе және Сырым аудандарында жалғасты. Бірқатар жұмыс жобаларының іске асырылу барысын зерделеді. Іссапар барысында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Алдымен аймақ басшысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылындағы кірме жолдың күрделі жөндеу жұмысымен тексерді. Жалпы ұзындығы 8,6 км шақырым жобаның жалпы құны 896 млн-нан астам теңге. Биылға жоспарланған 4 км жолдың 700 метріне асфальт жабыны төселген. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді, сапасына айрықша мән беруді тапсырды.

"Ауыл халқына сапалы, тегіс жол салып беру қажет. Бақылаушы органға жол сапасын дұрыстап қадағалауды тапсырамын",- деді облыс әкімі.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Нариман Төреғалиұлы осы ауылдағы "Ауыл аманаты" жобасы аясында салынып жатқан "Жеңіс Ерхан" ауылшаруашылық өндірістік кооперативімен танысты. Ауыл халқының табысын арттыру пилоттық жобасы бойынша "Ақжайық" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5 пайызбен 20 млн теңгеден аса сомаға несие алып, ауылға сүтті бағыттағы 55 бас симментал сиырын әкелді. Сүтін ауылдық жерден өңдеу бағытында, ауыл шетінен мал тұратын орынның құрылысын жүргізуде.

"Осындай еңбекқор жандарға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдауды тапсырды. Соның ішінде ауылда еңбек етем деген жастарға жан-жақты көмек беруді жүктеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында өндірісті дамытуымыз керек. Оны сіздер сияқты еңбексүйгіш жандармен бірге жүзеге асырамыз",- деді аймақ басшысы.

Әкімнің кезекті жұмыс сапары
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін де фермер ауылдың төрт тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

"Мемлекеттен 20 млн-нан астам ақша алып, Ақтөбе облысынан сүтті, етті тұқымды 55 сиыр мен екі бұқа алдық. Мемлекеттің қолдауын сезініп жатырмыз. Дегенмен бұл шаруашылықтың өзіндік қиыншылығы да бар. Қазір ауылдың төрт тұрғынын жұмыспен қамтып отырмыз",- деді "Жеңіс Ерхан" шаруашылығының жетекшісі Жеңіс Исатаев.

Келесі нысан Қоскөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы 1973 жылы салынған. Соңғы рет 2006 жылы ғана күрделі жөндеуден өткен. Сапар барысында Нариман Төреғалиұлы ауылдағы амбулаториялық пункттің ішін аралап көрді. Аймақ басшысы алдағы жылы күрделі жөндеуге тиісті қаражат бөлінетінін жеткізді.

Әкімнің кезекті жұмыс сапары
Фото: БҚО әкімдігі

Кейін ауыл тұрғындармен кездесуде облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі күннің басты міндеті - агроөнеркәсіптік кешенде нақты серпіліске қол жеткізу екенін айтты. Жергілікті фермерлердің әлеуеті өте жоғары және оны дамыту және кеңірек деңгейге шығару өте қажет. Ол батысқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңызын халықпен кездесуде де атап өтті.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданына сапарында күре жолдың бойында салынып жатқан Автокемпинг жұмысымен танысты. Бұл нысан іске қосылса, 15 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал Аралтөбе ауылында салынып жатқан "Профтекст" ЖШС-нің тігін цехы ауыл тұрғындарының біразын жұмыспен қамтымақ. Аталған жобаның құны - 30 миллион теңге.

Әкімнің кезекті жұмыс сапары
Фото: БҚО әкімдігі

Сапар Аралтөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесуге ойысты. Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жалпы жағдаймен таныстырды.

Аралтөбеліктер мазалаған Жымпиты-Ақсай жолының күрделі жөндеуін аяқтау, Талдыбұлақ ауылына мобильді интернет тарту, малдың азық қорын қамтамасыз ету, электр бағаналардың тозуы сынды маңызды мәселелерді көтерді.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Ауылдағы мәселелердің бәрі де өзекті. Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шикізатқа тәуелділіктен құтылуды, өндіріс көлемін арттыруды, соның ішінде ауылшаруашылықтың терең өндірісін 70 пайызға ұлғайтуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы ауылмен бірге дамитын сала. Халықты тұрақтандыру үшін жағдай жасауымыз керек. Ендігі мақсат ауылды дамыту. Ауылдық жерде жұмыс орнын ашып отырған нысандардың тек өңірдің ғана емес, күллі елдің экономикасына тигізер пайдасы зор. Оларға артылған жауапкершілік жүгі де ауыр.

Нариман Төреғалиев қос аудандағы кездесу соңында жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047479-batys-qazaqstan-oblysynyn-akimi-zumys-saparynda-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel