Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрсеткіш бойынша ең жоғарысы менде": Жетісу облысы әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Бейбіт Исабаев
Бейбіт Исабаев. Фото: Ақорда

Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев орташа жалақы мөлшерін атады әрі өзі аймақ басшысы ретінде қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Журналистер Бейбіт Исабаевтан жалақысы қанша екенін сұрап, табыс көзі азық-түлікке жете ме деген сауал қойды.

"Әрине, жалақым жеткілікті. Қолма-қол алып отырамын – үстемақы тұрақты түрде берілмейді ғой – кейде 1,8-1,9 млн теңге шамасында аламын. Өйткені менде мемлекеттік қызметте 30 жылдан астам еңбек өтілімім бар. Яғни, көрсеткіш бойынша ең жоғарысы менде", – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Исабаев облыстағы орташа жалақы 259 мың теңге болса, республика бойынша орташа жалақы 350 мың теңге екенін айтты.

"Азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өскен. Баға маусым бойынша құбылады. Бұл шамамен бір ай бұрын болған көрсеткіш. Біз форвардтық сатып алулар жүргізіп, офтейк келісімшарттарға отырамыз. Сыйымдылығы 6 мың тонна үш көкөніс сақтау қоймасын салдық, 100 пайызға толық қамдандық – картоп, пияз, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және ең қажетті тауарларды сатып алдық. 11 ай өткеннен кейін көрейік... Менің ойымша, біздің статистикалық көрсеткіштеріміз орташа деңгейге жетеді", – деп қосты ол.

Gov.kz сайты ақпараты бойынша, Форвард (ағыл. forward contract – "болашақ келісімшарт", форвардтық келісімшарт).

Форвардтық келісімшарт – орындау үшін міндетті мерзімді келісімшарт, оған сәйкес сатып алушы мен сатушы болашақта белгілі бір күнге келісілген сападағы және көлемдегі тауарды немесе валютаны жеткізуге уағдаласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047502-korsetkiste-en-zogarysy-mende-zetisu-oblysy-akimi-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel