Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Того президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Опубликовано:

Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе
Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе. Фото: Halil Sagirkaya/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда Telegram-арнасында хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.

"Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін биылғы қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Того президентімен телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады.

Айта кетейік, Того – Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқының саны 8,645 млн. Ресми тілі – француз тілі. 1960 жылдан бастап ел БҰҰ-ға мүше, ал 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047755-togo-prezidenti-qazaqstanga-resmi-saparmen-keledi/

pixel