jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    "Мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес": Смайылов әкімдерге тапсырма берді

    Үкімет отырысы
    Үкімет отырысы. Фото: primeminister.kz

    Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында қызылша жұқтырғандар санының күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды KAZNUR.KZ тілшісі.

    Премьер-министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.

    "Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс", – деді Әлихан Смайылов.

    Үкімет басшысы вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес екенін атап өтті және тиісті жұмысты күшейтуді тапсырды.

    "Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет", — деді премьер-министр.

    Айта кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы елдегі қызылша ауруының таралуы жөнінде статистикалық мәліметтерді жариялағанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.