Тоқаев Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Республикасының президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
"Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048053-toqaev-albaniya-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/