Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады

Опубликовано:

Газ құбыры
Көрнекі фото: Getty Images wenbin

Премьер-министр Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Бас прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде 2021 жылы жекеменшік компания Атырау облысында ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен және заңдылықты бұза отырып сатып алғаны анықталған.

"Талқылау нәтижелері бойынша комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарда.

Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр екен.

Премьер-министр осыған ұқсас жағдай қалыптасқан басқа да бірқатар кәсіпорындарда тиісті жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048567-atyrau-oblysynda-gaz-qubyry-memleket-mensigine-qaitarylady/

pixel