Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Қайрат Сатыбалды туралы: Сынақтың көкесі перзент сынағы, бауыр сынағы екен

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалды. Фото: Inbusiness.kz

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты кітабын бүгін жарыққа шығарды. Назарбаев кітабында немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы жайлы жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев туған бауыры 1981 жылы көлік апатынан қаза тауып, оның ұлы Қайратқа әкесіндей қамқорлық жасағанын баяндап берді.

"Елде заңдылық салтанат құрсын, заң бұзғандарға кешірім жоқ, тіпті олар жақын адамдарың болса да жазалануға тиіс. Қайрат Сатыбалдының жолсыздықтары жөнінде көп айтылды. Жалындап тұрған жігіт күнінде, 1981 жылы көлік апатынан қайтыс болған туған бауырым Сатыбалдының ұлы Қайратты әкесіндей қамкорлық жасап өсіріп едім. Хал-қадерінше білім алып, елдің ісіне араласып жүрді. Қызмет бабында да жоғарылап жатты. Қайрат жоғары әскери училищені бітіріп, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қорғаныс министрлігінде істеді, Астана каласы әкімінің орынбасары болды, кейіннен бизнеске ауысты, қайырымдылықпен айналысты. Өңірлерде мешіттер, әлеуметтік нысандар салып, жұртқа тарту етіп жүрді. Актаудың, Сарыағаштың тұрғындары оған әлі күнге разылығын білдіріп жатады.

Әттең, бизнестегі қызметінде заң бұзуға жол беріпті. Кейіннен "Қазақтелеком" ұлттық компаниясының қаржысын иемденді деген айып тағылып, істі болды. Алты жылға бас бостандығынан айырылды. Менен журналистер "Немере ініңізге қатысты сот шешімін дұрыс деп санайсыз ба?" деп сұрады. Не айтайын? "Сот шешімі әділ деп ойлау керек деймін. Егер адам шешім әділ деп санамаса, шағымдануы тиіс" дедім", - деп жазды Назарбаев.

Сонымен қатар тұңғыш президент сынақтың ең ауыры бауыр мен перзент сынағы екенін жеткізді.

"Әрине, заң жағынан қарасақ, жоғарыда жазғанымдай, әр адам таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге, қоғамдық-саяси қызметтер атқаруға және бизнеспен айналысуға құқылы. Елдің барлық азаматтары заң алдында бірдей екені тағы түсінікті.

Дегенмен ел басқаратын адамның жақын жандары мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарға жеткені жұртшылық тарапынан қандай да бір түсінбеушілік туғызатынын ескермеуге тағы болмайды екен. Оны да уақыт дәлелдеп берді. Олар сол биіктерге лайықты екенін танытқан күннің өзінде көптің ішінен "Белгілі ғой, тіреушісі тіреп тұр ғой" деген сияқты сөз айтатындар бәрібір табылады.

Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. Сынақтың көкесі перзент сынағы, бауыр сынағы екен", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048655-tugan-bauyrymnyn-uly-nursultan-nazarbaev-nemere-inisi-qairat-satybaldy-zaily-syr-sertti/

pixel