jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық депутаттар мен шенеуніктердің дербес деректері қамтылған шетелдік сайт бұғатталды

    VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясы
    Парламент сессиясы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздегі депутаттар мен ведомство басшыларының деректері қамтылған шетелдік сайтқа шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

    Ведомство мәліметінше, "rupep.org" интернет-ресурсының функционалы Қазақстанның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейді.

    "Осыған байланысты министрлік өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне "rupep.org" интернет-ресурсының жұмысын тоқтата тұру бойынша хабарлама жолдады. Осылайша, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-3-тармағына және 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті "rupep.org" интернет ресурсының ашылуын шектеу бойынша шара қабылдады", - делінген Цифрлық даму министрлігінің ақпарат агенттігіне берген жауабында.

    Еске салсақ, биыл күзде мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерболат Саурықов ғаламтордағы rupep.org/ru атты сайттың жұмысы бойынша тексеру жүргізу керек екенін тілге тиек етті.

    Депутат бұл сайтта Қазақстан парламенті депутаттарының, ведомство басшыларының да жеке мәліметтері тұр. Мұнымен қоса, олардың барлық туыстары, жеке сәйкестендіру нөмірлері, отбасы мүшелері жайында ақпарат қамтылғанын айтқан еді.

    Ерболат Саурықов бұл деректер ары қарай қылмыстық топтардың қолына түсіп кетпес үшін министрлік қандай қадамдар жасайтынын сұраған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.